Алматы метросымен бір күнде 100 мың адам қатынайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда көлік қозғалысы қиындап барады. Халық санының артуы соңғы жылдары бұл мәселені одан бетер күрделінділіп жіберген. Осы ретте метро көпшілік үшін қолайлы транспорт болып тұр. Қазір қалада 11 бекет жұмыс істейді. Бұл туралы Jibek Joly арнасының жаңалықтарында айтылды. 

метро
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Әзірге әлемдегі ең жас метрополитен — Алматыда. Орталық Азияда Ташкенттен кейінгі екінші орында. Алматы секілді ірі шаhарда халықтың көпшілігі метроға мінгенді жөн санайды. Жалпы метромен жылына 30 млн дейін жолаушы қатынайды екен.

Мегаполис тұрғындарының айтуынша, метро әзірге Алматыдағы ең ыңғайлы көлік. Әрі халықтың қалтасы көтеретін тасымал түрі. Алматылық Ислам Баймағамбетов жұмысқа тек метромен қатынайды. Айтуынша, ол ақшамен бірге, уақытын да үнемдейді.

метро
Фото: freepik.com

— Метромен жүргеніме екі жылдай болды. Өте ыңғайлы. Мысалы таксимен бір жерге бар болсам өзіңіз білесіз өте қымбат. Ал метромен жарты сағатта 20 минутта тез жетіп алам. Автобучпен баратын болсам бір сағат просто так жоғалтам. Жұмысқа тура келем тоғызда келу керек болса 8.30 отырам 5-10 мин жетіп алам, - дейді қала тұрғыны Ислам Баймағамбетов. 

Халық санының артқаны соңғы жылдары тек көлік кептелісінен емес, метродағы адамдар кептелісінен де байқалады. Метромен жиі жүретін жолаушылардың сөзінше, қарбалас уақытта жерасты жолы да адамға лық толады.

— Мен студентпін. Метромен жүру өте ыңғайлы. Бірақ метроның өзінің минустары бар. Өте кішкентай адамдар көп. Ұзартса жақсы болады деген ойдамын, - дейді жүргіншілердің бірі. 

Ал, тағы бір жолаушының пікірінше, пойыздарды жиілету керек, сонда мұндай кептеліс болмайды. Жүру уақытының арасы алшақтау. Метро бекеттерінің санын шетелдегідей көп болса қаладағы кептеліс мәселесін түбегейлі шешуге болады. 

Бүгінде әлемдегі 62 елдің 200 қаласында метро бар. Ең көбі Қытайда — 46 метро жүйесі жұмыс істейді.

Әлемде ең ұзын метрополитен 831 шақырымдық Шанхай метросы. Онда 14 желі 508 бекет бар. Жылына 2 миллиард жолаушы қатынайды. Ал ең терең метро Пхеньянда орналасқан.

Алматы метрополитені бекеттерінің ішіндегі құрылысы жағынан ең терең орналасқан Абай бекетінің тереңдігі 78 метр. Оған түсу үшін бес минут уақыт қажет.

Сарапшылар метро қала үшін экономикалық жағынан ғана емес, экологиялық жағынан да тиімді жоба дейді.

— Метро ең аз шығарындылары бар жерасты көлігі бола отырып, автобустар мен автомобильдердің өте көп санын ауыстырады. Сондай-ақ, атмосфераны пайдаланылған газдармен ластамайды, бұл қоршаған ортаны сақтаудың маңызды факторы. 05.20 Экономикалық тұрғыдан әрине, метро бар аудандарда жылжымайтын мүлік бағасының құны өседі яғни бұл инвестициялық тартымдылықты тудырады, - дейді экономист Расул Рысмамбетов. 

Алматы метросында алдағы жылы жаңадан Қалқаман бекеті іске қосылып, содан кейін екінші желіні жобалау басталады. Ол қала орталығын Алматы-1 теміржол вокзалымен байланыстырады.

— Халықаралық деңгейге жету үшін неғұрлым көп станция болса солұрлым қаланы толығымен қамтамасыз етсе сол кезде халықаралық деңгейге жетеміз. Тарихтан көріп тұрғандай метро салуға 20-30 жыл уақыт кеткен кездер болды. Ол әрқалай жағдайларға байланысты. Егер бюджеттен ақша бөлінсе бір бекетті 3-4 жылда салуға болады, - дейді «Метрополитен» КМК қозғалыс қызметінің басшысы Алмас Қыдырәлиев. 

Қазір Қалқаман станциясының құрылысы жүріп жатыр. Ол Алатау даңғылының бойымен өтеді. Жаңа учаскенің жалпы ұзындығы 5 шақырым 300 метрді құрайды. Сосын тағы үш бекет салу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар