Алматы облысы ассамблеясы тасқыннан жапа шеккендерге 60 млн теңге аударған

60 млн тенге отправили пострадавшим от паводков представители АНК Алматинской области
Фото: Алматы облысы әкімдігі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Облыстық әкімдікте Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Алматы облысы қоғамдық келісім және даму орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облысы бойынша ХХІХ сессиясы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында бірқатар кезек күттірмейтін міндеттерді атап өтті.

Оған қол жеткізу үшін күш-жігерді жұмылдыру қажет.

В Конаеве прошла XXIX сессия АНК Алматинской области
Фото: Алматы облысы әкімдігі

— Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының алдағы уақытта да бейбітшілікті, достық пен ізгілікті нығайту жолында қызмет етіп, облысымыз бірлік пен қоғамдық келісімнің үлгісі болып қала беретініне сенімдімін, — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Облыстық ассамблеяның мұрындық болуымен биылғы жарты жылда өңірімізде татулық пен достықты нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, 200-ден астам іс-шара өткізілді.

«Жүректен-жүрекке» республикалық акциясы аясында Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттары мен құрылымдары су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млн теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетіп, 4 жүк көлігі және 3 вагон әлеуметтік көмек жөнелтілді.

В Конаеве прошла XXIX сессия АНК Алматинской области
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, ардагерлер мен мүгедек балаларға 23 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 141 ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді, ҚХА мүшелерінің жалпы саны — 1176 адам.

Алматы облысында 105 этнос тұрады, 26 этномәдени бірлестік бар. 

Сондай-ақ, барлық аудан, қалаларда 146 Аналар кеңесі құрылды, мүшелерінің жалпы саны — 1200 адам.

Бұл құрылымдарға қоғамдық ұйымдардың белсенділері, зейнеткер ұстаздар, этномәдени орталықтардың мүшелері, заңгерлер, БАҚ өкілдері кіреді. 

60 млн тенге отправили пострадавшим от паводков представители АНК Алматинской области
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Қазақстан облысы халқы Ассамблеясы алдағы уақытта да татулық, достық пен ізгілікті нығайту жолында қызмет етіп, өңіріміз мәңгілік ел бірлігі мен қоғамдық келісім үлгісі болып қала бермек.

Соңғы жаңалықтар
telegram