Алматы облысы: Қазпоштаның 2 кассирі салық қаржысын жымқырған

АСТАНА. KAZINFORM - Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады. 

Заң
Фото: Kazinform

Осы факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, іс жүргізу Алматы облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді.

Тергеу барысында «Қазпошта» АҚ кассирлері і анықталды. 

Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.

Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден астам.

Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар