Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

наручники
Фото: Polisia.kz

— 2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұстады, — деп хабарлайды Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін Алматыда полиция қызметкеріне пышақ сілтеген күдікті ұсталғаны белгілі болды.

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті
Ұқсас жаңалықтар

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті