Алматы облысы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Тауларда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсіріледі
Фото: Pixabay

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, облыс тауларында 11-15 сәуір күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

Құтқарушылар азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды.

«Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», - делінген хабарламада.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Ұқсас жаңалықтар

ҚМА: Шымкентте кәсіпкердің 25 млн теңгесін жымқырған күдікті қамауға алынды