Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына 130 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына жалпы көлемі 130 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Алматы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше гуманитарлық көмектің 100 тоннасы темір жол арқылы, 30 тоннасы «Алтын орда» сауда базары ұйымдастырған жүк көлігімен жөнелтілді. 

Алматы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Сондай-ақ, облыс кәсіпкерлерінің қолдауымен арнайы қорға 30 млн теңге қаржылай көмек аударылды.

«Бүгін су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсету мақсатында облыстан 15 волонтер аттанатын болады. Гуманитарлық көмекті жинауға облыстың 9 ауданы, 1 қаласы, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «AMANAT» партиясының мүшелері, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалы мен қайырымды жандар өз үлесін қосты», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Гуманитарлық көмекті жинақтау үшін құрылған «Күшіміз-бірлікте» волонтерлар штабының жұмысын ұйымдастыруға кәсіпкерлік, жұмылдыру дайындығы, ішкі саясат басқармалары, баспасөз қызметі, Қонаев қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Штаб жұмысына 300 ден астам волонтер қатысты.

Алматы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Еске салсақ, бұған дейін алматылықтар Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберген болатын.