Алматы облысында 11 сынып оқушысы мұғалімді соққыға жықты

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде мектеп қабырғасында оқушының мұғалімді ұрып-соққан бейнежазбасы тарады.

а
Фото: Видеодан алынған скрин

Алматы облысының әкімдігі бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.

Ресми жауапқа сәйкес, бейнежазбадағы оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда Шамалған ауылының Жаңа қазақ орта мектебінде болған. Сағат 09:00 шамасында мұғалім мен 11-сынып оқушысының арасында жанжал туындаған. Оқытушы жасөспірімге ескерту жасап, сабаққа баруын талап еткен.

Алайда оқушы ескертулерді агрессивті түрде қабылдап, педагогке қол жұмсаған.

- Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы қолданыстағы заңнама аясында анықталады, тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі. Мектеп әкімшілігі, білім бөлімі, сондай-ақ құзырлы органдар тарапынан қажетті профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, педагогтер балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тек оқу-тәрбие процесі кезінде жауапты болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында білім беру мәселелері бойынша өзгеріс енгізуді талқылау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті.