Алматы облысында 1340 жер учаскесі пайдаланылмай жатыр

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысында аудан және қала әкімдіктері пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Атырау облысында 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Өңір әкімдігінен мәлім еткендей, жыл басынан бері жалпы алаңы 397 313 гектар болатын, 1340 жер учаскесінің пайдаланылмай жатқаны анықталды.

Оның ішінде мемлекет меншігіне 84 100 гектар жер қайтарылды.

« 52 100 гектар жер иелерінің өз еркімен қайтарылса, қалған 32 000 гектары сот шешімі арқылы мемлекет меншігіне өтті. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және жер ресурстарын ұтымды басқару мақсатында жүзеге асырылып жатыр»,- делінген хабарламада.

Осыған дейін Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ауданы 99 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдағаны туралы жазған едік. https://kaz.inform.kz/news/almati-oblisinda-99-ga-zher-memleket-menshgne-kaytarildi-f884b1/

Соңғы жаңалықтар