Алматы облысында 150 метр тереңдікке құлап кеткен шағын автобус шығарылды
АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркі аумағында шатқалға құлап кеткен микроавтобус құтқарушылардың көмегімен шығарылды.
ТЖМ мәліметінше, көлік еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метр тереңдіктегі шатқалға түскен.
– «Қазселденқорғау» қызметкерлері гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде оқиға орнына жедел жетті. Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралы қолжетімсіз аумақтан сәтті шығарылды, – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар таулы аймақтарда қозғалу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
Айта кетейік, ТЖМ құтқарушылары орманды алапат өрттен қорғап қалды.