Алматы облысында 2 күн бұрын тауда жоғалған азамат іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысы Жамбыл ауданында тауға мал жаюға шығып, жоғалып кеткен ер адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр.

Қазақстандық құтқарушылар
Gov.kz

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан 4 шақырым жерде таулы аумақта 25 маусым сағат 19:30-дан бастап 1970 жылы туған ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Ол таңғы сағат 06:00-де мал жаюға шығып, жоғалып кеткен.

- Іздестіруге 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды, оның ішінде 1 ұшқышсыз ұшатын аппарат, 1 жүзу құралы және 1 Алматы облысы ТЖД кинологиялық есебі, 6 құтқарушы, 1 техника және 1 ҚР ТЖМ РЖҚО кинологиялық есебі, полиция департаментінің 4 қызметкері және 1 техникасы, 5 жергілікті тұрғын.

 - Іздеу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Соңғы жаңалықтар