Алматы облысында 3 жасар қыз жоғалып кетті

қыз бала
Фото: Pixabay

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жастағы қыз жоғалып кетті. Оны іздеуге тік ұшақ пен дрон жұмылдырылды.

Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтұан.

- Аталған дерек бойынша арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Барлығы 245 адам жұмылдырылды, - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстарына волонтерлер, тепловизоры бар дрондар мен тікұшақ тартылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар