Алматы облысында 714 мың тонна көмір алынады
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында жылыту маусымына қарқынды дайындық жүріп жатыр. Алматы облысы Энергетика және ТҮКШ басқармасының өкілі Ержан Бейбітұлының айтуынша, облыс бойынша 43 қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталып, олардың қуаттылығы мен тиімділігі артты. Тағы 5 қазандықтың жұмысы қазан айында аяқталады деп жоспарланған.
«Іле ауданының Боралдай және Байкент ауылдарындағы қазандықтарды жаңғыртуға қосымша 800 млн теңге бөлініп, жұмыстардың 50%-ы аяқталды. Сонымен қатар, тұрғындарға қажетті 714 мың тонна көмір жеткізу үшін келісімшарттар жасалды. Қазіргі уақытта өңірге 93 мың тонна көмір жеткізілді, орташа бағасы тоннасына — 18 500-23 000 теңге. Көмір сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық операторлар қатаң қадағаланады», — деді Ержан Бейбітұлы.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 8 мың тоннадан астам көмір қоры бар екенін жазғанбыз.