Алматы облысында 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. 

су жіберу
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ведомстводан мәлім еткендей, қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды. 

Олар сегіз су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындамаған. Атап айтқанда, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеген. Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға кері әсер етуі мүмкін. 

– Қабылданған шаралардың арқасында жауапсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды. Ал құны 20 млрд теңгеден асатын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар су объектілерін көп факторлы техникалық тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Алматы облысында 967 қараусыз қалған нысан мемлекет меншігіне қайтарылғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар