Алматы облысында 80-нен асқан әжейді өз үйінде буындырып, тонап кетті

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ. KAZINFORM — Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, тонап кеткен ер адамдар ұсталды. 

тонау
Фото: polisia.kz

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.

Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны қылғындырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.

28 қаңтар күні жедел іздестіру кезінде 1978 және 1989 жылы туған Алматының екі тұрғыны ұсталды.

Олар өз қылмысын толығымен мойындаған.

тонаушы
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындады.

Тергеу жүріп жатыр.

Ұсталғандардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.