Алматы облысында әлемде сирек кездесетін жәндік табылды

Түнгі көбелек
Фото: institute_zoology_rk

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қазақстандық ғалым Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағынан сирек кездесетін түнгі көбелекті тапты.

Scoliopteryx aksuana – әлемде сирек кездесетін түнгі көбелектің фотосын ҚР Зоология институтының энтомология зертханасының аға ғылыми қызметкері Сергей Титов түсіріп алды.

«Сурет Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы Ерен саяжайы табиғи ескерткішінің аумағында түсірілген. Бұл сирек кездесетін түнгі көбелек Қазақстан, Моңғолия және Қытай шекарасында шағын таулы-далалық аумақта таралған», - деп хабарлады Зоология институтынан. 

Осыған дейін қазақстандық ғалымдар «таспашөптің» жаңа түрін тапқан болатын. Отандық ғылымға қосылған бұл елеулі үлес Қазақстанның биоалуантүрлілігін толықтыруға ықпал етпек. 

Сондай-ақ 70 жылда алғаш рет Индер тауларының герпетофаунасының тізімі тағы бір түрмен – су жыланымен толықтырылды. Ол Индер көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі суға толы карст ойпатынан табылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram