Алматы облысында алимент төлемегендер 400 млн теңгеден астам қаржыны құмар ойынға жұмсаған

Алматы облысында алимент төлемегендер 400 млн теңгеден астам қаржыны құмар ойынға жұмсаған
Фото: pixabaу

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған.

Алматы облысының прокуратурасы алимент төлемеген 157 борышкерді анықтады. Олар құмар ойындарға 426 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған.

«Мысалы, алимент бойынша 1 млн теңгеден астам қарызы бар бір борышкер ғана өзінің шотын 24 миллион теңгеден астам сомаға толықтырды. Облыс прокуратурасы қабылдаған шара нәтижесінде бүгінде 31 лудоман 38 млн теңгеден астам сомаға алимент қарызын өтеді. Алимент төлемегені үшін 6 борышкерге қатысты қылмыстық жауапқа тарту шаралары қабылдануда. Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасып жатыр», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Сонымен қатар облыс прокуратурасы борышкерлерді алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) жауапкершілік бар екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum