Алматы облысында атыс болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысының Талғар ауданында атыс болды. Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желіге тарады.

 Алматы облысында атыс болды
Фото: polisia.kz

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– Қабылданған шаралар нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталды. Ауруханаға жеткізілген төрт күдіктіні полиция күзетіп тұр. Бір айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомстводан іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.  

Еске салайық, былтыр жазда Қонаев қаласында түнде атыс болып, оқиға салдарынан зардап шеккен 2000 және 2003 жылғы жігіттер ауруханаға жатқызылып, 2003 жылғы азамат реанимация бөлімінде жан тапсырған еді.

Кейін кісі өлтіру ісі бойынша алты айыпталушы 17 жылдан 19 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

 

Соңғы жаңалықтар