Алматы облысында ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM –  ҚазАвтоЖол компаниясы Алматы облысында ауа райына байланысты бірнеше жол жабылғанын ескертті.

Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысында жол жабылды
Фото: freepik.com

19 қаңтар сағат 20:00–де Алматы облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 100-254 шақырым аралығында (Тескен ауылынан Жетісу облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады 

Сонымен қатар 20:30–да осы автожолдың 65-100 шақырым аралығында (Еңбек ауылынан Тескен ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.

Ал сағат 22:00–де Алматы облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының 25-67 шақырымы аралығы - ПВП терминал-Қонаев қаласы учаскесінде көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 20 қаңтар күні сағат 8:00–де ашу жоспарланған.

Жол жүрушілерге 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, ҚазАвтоЖол 2025 жылы жөндеуден өтетін республикалық жолдарды атады.

Соңғы жаңалықтар