Алматы облысында ауылдасының бір үйір жылқысын ұрлаған ер адам ұсталды

Преступление Қылмыс задержания ұсталды МВД РК ҚР ІІМ полиция
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Жамбыл ауданының полицейлері Ақсеңгір ауылының тұрғынынан жайылымнан 14 бас жылқы ұрлады деген күдіктіні ұстады.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 12 млн теңге.

«7 қараша күні 39 жастағы жергілікті тұрғын 14 бас жылқының жоғалып кеткені туралы шағым түсірді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды», – деп атап өтті Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдіктінің кім екенін анықтады, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.

«Күдікті ұрланған малдарды сатып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге жылқылардың жартысы қайтарылды, ал ұрланған малды сатып алушыға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр», – деп толықтырды А.Данияр.

Күдіктіге қатысты сот «қамауда ұстау» шарасын белгіледі. Полиция ер адамның басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Осыған дейін Алматы облысында хабар-ошарсыз кеткен 51 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram