Алматы облысында автосалоннан көлік ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы Талғар ауданы полиция басқармасының қызметкерлері облыс аумағында ұйымдаса қылмыс жасаған күдіктілерді ұстады. 

Алматы облысында автосалоннан көлік ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: видеодан алынған скрин

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала келісіп бір топ адам Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан автосалоннан Changan CS55 Plus автокөлігін ұрлап, меншік иесіне аса ірі көлемде материалдық шығын келтірген.

— Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыскерлердің әрекеті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталып, олардың қозғалыс бағыты белгіленді. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды — деп хабарлады департаменттен.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында ұрланған автокөлік Түркістан облысы Жетісай қаласының аумағынан табылды.

Еске салайық, Алматыда камералар жол ережесін бұзудың жаңа түрлерін тіркей бастайды.

Соңғы жаңалықтар