Алматы облысында әйнектен аспалы көпір салынады
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысындағы Қара шатқалға ұзындығы 170 метрлік әйнек көпір салынады.
1, 5 млрд теңгені құрайтын жоба 2025 - 2026 жылдары жүзеге асады деп күтіліп отыр.
«ASK Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қара шатқал туристік аймағына аспалы көпір салуды жоспарлауда. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге. 50 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асыру кезеңі – 2025 - 2026 жылдары», - деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Бұдан бөлек, туристік аймақты дамыту үшін Қара шатқалға электр желісін жүргізуге 87,0 млн теңге бөлінді. Қазіргі кезде «Қара шатқал» ЖШС-гі 400,0 млн теңге инвеститция тартылды.
Осы жылдың 9 айында Көлсай мен Қайыңдыға 400 мыңға жуық турист ат басын бұрған. Олардың басым бөлігі Қара шатқалды тамашалауға келген.
Осыған дейін Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енгені туралы жазған едік.