Алматы облысында белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргінші жол апатынан қайтыс болды

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысы Жамбыл ауданында жол апатынан жаяу жүргінші мерт болды.

Жетісу облысы
Фото: Айбек Құттыбек\Kazinform

Полиция мәліметіне сәйкес, Toyota Alphard жүргізушісі «Алматы-Бішкек» автожолының 57 шақырымында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

- Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Осы деректі ескере отырып, жаяу жүргіншілерге жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын тағы да еске саламыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, жолдың жүріс бөлігін тек белгіленген жерлерде кесіп өтіңіз. Түнде жүргізушілерге көріну үшін киімге немесе аксессуарларға шаммен шағылыстыратын элементтерді қолданыңыз, - деп хабарлады облыстық полиция.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл ауданында жол апатынан 2 адам жарақат алып, 1 адам мерт болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар