Алматы облысында биыл 80 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысында тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.

жер
Фото: Pexels

Жыл басынан бері Алматы облысында мемлекет меншігіне 79,7 мың га жер қайтарылған. Оның ішінде сот арқылы 32,2 мың га жер алаңы, өз еркімен және басқа жолдармен 47,5 мың га жер мемлекет басқаруына берілген. Сондай-ақ, бүгінгі күні 20,5 га болатын 60 жер учаскесіне қатысты іс сотта қаралып жатыр.

- Жерді қайтару және оның мақсатты пайдаланылуын бақылау шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 272 жер телімі мемлекетке қайтарылғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар, Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекет қорына қайтарылғанын жазған едік.