Алматы облысында бөгет құрылысының мерзімін созған мердігер тексеріледі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында «Қабанды» және «Шибут» бөгеттерінің құрылысы кезінде анықталған заңбұзушылықтарға қатысты материалдар қосымша сараптамаға жіберіліп, құқық қорғау органдарына жолданатын болады.

Алматы облысында бөгет құрылысының мерзімін созған мердігер тексеріледі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2022 жылдан бері салынып жатқан және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз етуге тиіс нысандар бүгінде небәрі 73 пайызға ғана дайын.

Тексеріс барысында «Қабанды» нысанында мердігер мекеме құрылысқа жарамсыз сары топырақты пайдаланғанын тіркелген. Құрылыс алаңында небәрі үш адам мен екі техника ғана жұмыс істеген.

Ал «Шибут» бөгетінде тереңдігі 12 метрден асатын резервуардың айналасында қоршау болмаған, бұл қауіпсіздікке қатер төндіреді.

Алматы облысында бөгет құрылысының мерзімін созған мердігер тексеріледі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

- Мониторинг барысында жиналған мәліметтер талдау жүргізу үшін Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша материалдар ресімделіп, уәкілетті органдарға жолданады, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қаржы пирамидаларынан 12 мың адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар