Алматы облысында Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

БН
Фото: Әсет Құндақбаев

Алматы облысы Қарасай ауданында Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Kazinform.

Марқұммен қоштасу рәсімі Шамалған ауылындағы өзінің үйінде өтті.

БН
Фото: Әсет Құндақбаев

Еске салайық, ауыр дертпен күрескен Болат Назарбаев 13 қараша күні 71 жасқа қараған шағында дүние салды
Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған. 1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған.
1988-1989 жылдары - Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары. 1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан. «Инкар Агро» ЖШС-нің вице-президенті, BN Invest холдингінің директоры қызметін атқарды. «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

Соңғы жаңалықтар