Алматы облысында бір ауылдың тұрғындары алкогольдік ішімдіктен бас тартты

Алматы
Фото: pexels.com

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ақши ауылында «Арақсыз ауыл» жобасы жүзеге аса бастады. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов Instagram парақшасында жазды.

Бауыржан Аленовтың мәліметінше, игі істі ауылдың ардагерлер мен аналар кеңесі мүшелері және Полиция басқармасы бірлесіп қолға алған. Ауылдың кәсіпкерлері де қарсы болмаған.

«Еліміз бойынша жасалған қылмыстың үштен бірі ащы су салдарынан болған. Ақши ауылында 7 мыңға жуық халық тұрады, 16 дүкен толықтай арақ сатудан бас тартты. Бұл бастама ауыл бойынша қоғамдық тәртіптің сақталуына оң әсерін тигизетіне сенімдімін. Алматы облысы тұрғындарын «Арақсыз ауыл» жобасын қолдауға шақырамын», - деп жазды Бауыржан Аленов.

Еске салсақ, Қазақстанда алкогольдік ішімдіктен бас тартқан ауылдар туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар