Алматы облысында бірқатар елді мекен жарықсыз қалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Күн райының нашарлауына байланысты кейбір елді мекендерде электр желілері жаппай үзіліп жатыр.

жарық
Фото: Pixabay

Облыстық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, тиісті басқарма қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.

«Аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктері кезекшіліктер ұйымдастырып, «Алатау жарық компаниясы» АҚ энергия тасымалдаушы ұйымының барлық авариялық-қалпына келтіру жасақтары, күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деп хабарлады әкімдіктен.

Қазір «Алатау жарық компаниясы» АҚ үзілген электр желілерін жөндеп жатыр.

Жағдай тұрақты бақылауда.

Соңғы жаңалықтар