Алматы облысында бірнеше үйдің ауласын су басып қалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Қосқұдық ауылындағы бес тұрғын үйдің ауласын еріген қар суы басып қалды.

су басты
Фото: видеодан алынған кадр

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының күрт жылынуына байланысты Қонаев қаласы Қосқұдық ауылында қар қарқынды еріп, аулаларды су басқан. 

«Түрксіб көшесінде орналасқан бес үйдің ауласы су астында қалды. ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күшімен инженерлік техниканы (1 экскаватор) пайдалана отырып жиналған суды бұру жұмысы жүргізіліп жатыр. Оған департаменттің 30 қызметкері, 5 техника және 3 мотопомпа жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан. 

Кешкі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі төмендеген. 

Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Соңғы жаңалықтар