Алматы облысында екі әкім жауапқа тартылды

Алматы облысы,
Фото: ҚазАқпарат

Алматы облысында екі ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг барысында жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған.

«Мониторинг барысында Жамбыл ауданының Ұзынағаш және Матыбұлақ ауылдық округтерінің әкімдері Б.Р. Бейсенбеков пен Т. Б. Муқеев активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған мамандарды жұмысқа қабылдағаны анықталды. Салдарынан әкімдер ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы («Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Істі қарау барысында екеуі де кінәсін толық мойындады. Ауыл әкімдері 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл төледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum