Алматы облысында екі аудан тұрғындары ұялы байланыссыз отыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - 2 сәуір күні сағат 17:00-де талшықты-оптикалық кабельдің үзілуіне байланысты Кеген және Райымбек аудандары телефон мен ұялы байланыссыз қалды.

ұялы байланыс
Фото: Kazinform

«Екі ауданда Beeline, IZI операторлары байланыста. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «Қазтелеком» компаниясы жүргізуде. Аудан тұрғындары қосымша телефон нөмірімен хабардар етілді», - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.