Алматы облысында екі ауылдың шекарасы өзгереді

ауыл
Фото: Kazinform

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі екі ауылдың шекарасын өзгерту жөнінде қаулы шығарды, деп хабарлайды Кazinform.

Құжатқа сәйкес, Кеңдала ауыл округі бойынша мынандай шешім қабылданды:

— Ақдала ауылының шекарасын (шегі) 29,9947 гектарға азайта отырып, яғни Ақдала ауылының жалпы ауданы 705,433 гектар көлеміндегі жаңа шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін;

— Кеңдала ауылының шекарасын (шегі) 59,2225 гектарға азайта отырып, жалпы ауданы 220,806 гектар көлеміндегі Кеңдала ауылының жаңа шекараларын белгілеу арқылы өзгертілсін.

Құжат 26 желтоқсанға дейін Ашық НҚА сайтында талқыланады.  

Бұған дейін Алматы облысына қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылатынын жазған болатынбыз. 

Кейін Kazinform «бұл туралы жергілікті халық не дейді және ауылдың бүгінгі келбеті қандай?» деген сауалдарға жауап іздеп көрді

Соңғы жаңалықтар