Алматы облысында каналды су шайып, төрт үй су астында қалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылдық округіне қарасты саяжайда Талгарирригация Р9 бетонды каналын су шайып кетті.

Алматы облысы
Фото: Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің Instagram парақшасы

«Салдарынан суармалы су Құлжа тас жолына жақын орналасқан 4 үйге кірді. Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов саяжайдағы барлық үйлерді аралап шықты»,- деп хабаралады әкімдіктен.

Алматы облысы
Фото: Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің Instagram парақшасы

Жұмысты күшейту мақсатында каналды қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазір суармалы су толық жойылды.

Бұған дейін Талғар өзенінің деңгейі көтеріліп, оның сол жағалауында орналасқан балама жолды су шайып кеткен болатын.