Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан ұл баланың денесі табылды.
Аталған дерек бойынша, Алматы облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Осыған дейін Алматы облысында көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болғанын жаздық.
«Lada Largus» жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан 40 жастағы жолаушы әйел сол жерде көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады полициядан.