Алматы облысында Қытай және БАӘ әкелінген жүйрік аттар жарысқа қатысты
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысындағы «Қобыланды» жылқы зауытының аумағында FEI 100 шақырым қашықтыққа ат жарысы бойынша халықаралық турнир өтті.
Турнирге Қазақстан, Қытай және БАӘ жүйріктерімен қатар, Қостанай және Адай тұқымдарының жылқылары қатысты.Спортшылар мен жүйріктер бір күнде 100 км қашықтықты жүріп өтіп, төзімділікті, шеберлікті және ақыл-ой күшін көрсетті.
Халықаралық ат спорты федерациясының жылқының төзімділігі жөніндегі техникалық комитетінің басшысы Мұхаммед Әли Амер Омар Әл-Хадрамидің айтуынша, жарыстың бұл түрі қазақтың дәстүрлі ат жарысына өте ұқсас.

Қазақ жылқыларының дайындығы өте жақсы және мұнда ғасырлар бойы жылқы шаруашылығы дамығанын көруге болады.
«Қазақстанның ат спорты бойынша халықаралық жарыстарды өткізу әлеуеті жоғары, өйткені Қазақстанның географиялық тұрғыда өте жақсы орналасқан. Ол: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдер арасында өте тиімді орналасқан.Сондықтан Қазақстан осы өңірде ат спорты үшін даму орталығына айналуы мүмкін», - деді әл-Хадрами.
Іс-шараның мақсаты - елімізде ат спортын насихаттау және Қостанай, Адай секілді дамыту, қазақи жылқы тұқымдарын дамыту, ҚР төрешілер алқасының төрешілік сапасын және кәсіби дағдыларын арттыру, талантты шабандоздар мен жылқыларды анықтау және оларды халықаралық турнирлерге қатыстыру.
Турнир жеңімпаздары:
1 орын-Көк Жебе аты, шабандоз Омар Нұрсұлтан (Маңғыстау облысы);
2 орын – Бақторы аты, шабандоз Даргербек Хабай (Жетісу облысы);
3 орын-Тобылғы торы аты, шабандоз Кумаров Нұрсұлтан (Маңғыстау облысы);
4 орын-Гүлсары аты, шабандоз Жаналиев Виктор (Абай облысы);
5 орын Қахарман аты, шабандоз Бейсбаев Дәулет (Жетісу облысы);
6 орын Нобель аты, шабандоз Мехок Орхидея (Венгрия);
7 орын-Неаполь аты, шабандоз Наталья Долгих (Алматы облысы).
Көк Жебе атты жылқының иесі 1-ші орынға Ravon автокөлігін, ал қалған барлық жүлдегерлер бас демеуші Байсерке-Агродан ақшалай сыйлықтар алды.