Алматы облысында қоғамдық көлік өртке оранды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының Байсерке ауылында қоғамдық көлік өртке оранды.

Автобус өрт
Фото: ТЖМ

Өрт сөндірушілер жолаушылар автобусындағы өртті сөндірді

«Алматы облысы Байсерке ауылында қоғамдық көліктің жануы орын алды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады.

«Жолда көлігіңіз өртеніп бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз», — деп ескертті мамандар.