Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысы Талғар ауданында, Бәйтерек ауылының маңындағы иесіз карьер аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың рұқсат етілмеген полигонында қоқыс өртенді.

в
Фото: видеодан алынған кадр

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру жұмыстары екі лафеттік оқпанның көмегімен жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, арнайы техниканы тарта отырып, аумақты рекультивациялау және жану ошақтарын топырақпен көму жұмыстары атқарылып жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.

Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Өскемен қаласындағы конденсатор зауытында өрт шыққанын жазған болатынбыз.