Алматы облысында кортеж қатысушыларына 600 доллар ұсынған жігіт қамалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзып, кортеж ұйымдастырған адам жауапкершілікке тартылды.

а
Фото: видеодан алынған скрин

Алматы облысының полициясының мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы Диас Әділбековтің Шымкентте жүргені анықталды.

Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

- Диас Әділбеков негізгі көліктің соңынан бірінші болып жеткен жүргізушіге 600 доллар сыйақы ұсынған. Кейін кортеж қатысушылары жалпы пайдаланымдағы жолдарда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген, - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзған екі адам 10 тәулікке қамалған еді.