Алматы облысында құны 2 млн теңге болатын вейптер тәркіленді

вейп
Фото: ҚМА

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының полицейлері құны 2 млн теңгелік вейптерді тәркіледі.

WhatsApp мессенджері арқылы вейптерді заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтаған.

– Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады, – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Полиция департаменті вейптерді сатуға тыйым салатын заңды бұзған адамға 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар