Алматы облысында мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

Қызылша
Фото: iStock

Алматы облысында жыл басынан бері 1 мыңнан астам адам қызылша ауруын жұқтырды, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі Қарасай (137,2), Еңбекшіқазақ (114,1), Талғар (70,5), Іле (54,2) аудандарында тіркелген. 

«Айта кету керек, сырқаттанушылықтың басым бөлігін, яғни, 86%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Оның ішінде, сырқаттанушылықтың 5 жасқа дейінгі балалар арасында таралу жиілігі 85%-ды (жоғары) құрады. Кәсіптік құрамына келсек, 56% ұйымдастырылмаған балаларға, 18% мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешіленулеріне, 13% мектеп оқушыларына,1% медициналық қызметкерлерге, ал 12% басқа топтарға келеді», - деп атап өтті департаменттен. 

Ведомстводан атап өткендей, қызылша ауруымен ауырып жатқандардың 85%-ы екпе алмағандар болып шықты.

«Қызылшадан жалғыз тиімді қорғаныс – ол вакцинация. Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация баланың 1 және 6 жасында жүргізіледі. Қызылшаға қарсы вакцинация үшін қызамық пен паротитке қарсы компонентпен біріккен вакцина қолданылады»,- деп хабарлады Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. 

Соңғы жаңалықтар