Алматы облысында оқ тиген адамның жағдайы белгілі болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысының дәрігерлері оқ жарақатымен ауруханаға түскен науқастың жағдайы туралы айтты.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 1986 жылы туған ер адам Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне өзі келген.
— Емдеу мекемесіне жүгінген науқас оң жақ аяғының ауырсынуына, ісіп кетуіне және жарақатынан көп қан кетіп жатқанын айтып шағымданды. Дәрігерлер оны жан-жақты тексеріп, шұғыл емдеу үшін жарақат бөліміне жатқызды,— деп жауап берді өңірдің денсаулық сақтау басқармасы Kazinform агенттігі жолдаған сауалға.
Бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында қорықшы ер адамның аяғынан атып жібергені туралы жазғанбыз.
Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында атыс болып, үш адам зардап шеккен еді.