Алматы облысында олимпиадалық үлгідегі бассейнің құрылысы неге тоқтап қалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы ең ірі нысандардың бірі – олимпиадалық типтегі жүзу бассейнінің құрылысы тоқтатылды. Сот шешімімен бұзылатын болды.

бассейн
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы былтыр желтоқсан айында Есік қаласындағы спорт кешеніне (жүзу бассейні) жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Тексеру нәтижесінде тапсырыс беруші «Алтын-Бөбек» балабақшасы ЖШС Қазақстандағы құрылыс заңнамасын бұзып, қажетті құжаттар мен рұқсатсыз нысан салып жатқаны анықталды. Тапсырыс беруші 690 000 теңге айыппұл арқалады. Заңсыз құрылыс фактісі бойынша да әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Сот тапсырыс берушіні кінәлі деп тауып, тағы 72 450 теңге айыппұл салды»,- деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Сонымен қатар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы экономикалық сотқа талап арыз түсірді.

«Сот «Алтын бөбек» балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есебінен спорт кешенін бұзу туралы шешім шығарды»,- деп түсіндірді әкімдіктен.

 

Соңғы жаңалықтар