Алматы облысында пәтері өртеніп кеткен 8 тұрғын үйлі болды

Алматы облысы Заречный ауылында пәтері өртеніп кеткен 8 тұрғын қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды Kazinform.

әкім
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні қарсаңында пәтерлер кілтін табыстау рәсімі өтті. Тұрғындарды жаңа қонысымен Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев құттықтады.

«Бүгін Қазақстанда Димаш Ахметұлының туған күні аталып өтіп жатыр. Осындай қуанышты күні сіздерге пәтер кілтін табыстаймыз. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын. Бұл жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Баршаңызды қуаныштарыңызбен құттықтаймын» - деді қала әкімі.

Өз кезегінде тұрғындар атынан Күләш Күрімбаева алғыс айтты.

үй
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

«Осыдан бес ай бұрын 8 отбасының үйі өртеніп, төтенше жағдай орын алған еді. Сол сәтте біз аз уақыт ішінде баспаналы боламыз деп ойламадық. Қуанышты жаңалық Дінмұхамед Қонаевтың өмірге келген күнімен тұспа-тұс келді. Бұл да бір жақсы белгі болса керек. Барлығыңызға алғысымды білдіремін», - деді зейнеткер әже.

Еске салайық, өткен жылы 17 тамыз күні Алматы облысы Заречный ауылында 2 қабатты тұрғын үй өртенген еді. Нәтижесінде төтенше жағдайларды жою жөніндегі комиссия үйді жарамсыз деп таныған.

Қала әкімдігі бірден 8 отбасыны баспанамен қамту үшін үшін шаралар қабылдаған. Ол мақсатта бюджеттен 108 млн теңге бөлініп, ауылдан үйлер сатып алынды.