Алматы облысында резерваттағы өрт әлі сөнген жоқ

дала өрті
Фото: видеодан алынған кадр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы Балқаш ауданындағы қамыс пен шөп өртін сөндіру жұмысы жалғасып жатыр. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елді мекендерге қауіп жоқ.

«Су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді. Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды» делінеді ТЖМ хабарламасында.

Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты жел өрт ошақтарын сөндіру жұмысын қиындатқан.

Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков оқиға орнында.

Жалынды ауыздықтауға ТЖД, атқарушы органдардың күш-құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып жатыр.

Еске салсақ, Алматы облысының Балқаш ауданының Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатқанын хабарлағанбыз.  

Соңғы жаңалықтар