Алматы облысында сапасыз орындалған жол жұмыстары анықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жол салу және жөндеу саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр.

Сапасыз жол
Фото: Антикор Алматы облысы

Жол құрылысының сапасына ашық және тұрақты бақылауды қамтамасыз ету үшін мониторингтік жұмыс тобы құрылды. Оған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» филиалдары, жол активтері сапасының ұлттық орталығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер енді. 

Жол
Фото: Антикор Алматы облысы

Жұмыс тобы шілде айында «Қонаев-Күрті», «Күрті-Бурылбайтал» жол объектілеріне шығып, «Шамалған» айналма жолын жүріп өтті. 

Бұл нысандар 2024 және 2025 жылдары пайдалануға беріледі, жобалардың құны шамамен 25 — 46 млрд теңге аралығанда бағаланып отыр. Нысандарға мердігер ұйымдардың 775 қызметкері және 314 техникасы жұмылдырылды. 

Мониторинг барысында жұмыс тобы бас мердігерлермен бірлесіп, жүргізілетін жұмыстар мен материалдардың сапасын, сондай-ақ олардың сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексерді. 
Бұрын «Құрты-Бурылбайтал» объектісінде 1,7 млрд теңгеге (жалпы құны 29,9 млрд теңге) сапасыз орындалған жұмыстар анықталды.

Алматы
Фото: Антикор Алматы облысы

Бұл бойынша төлем толық көлемде жүргізілген.

Нормалардан көрсетілген ауытқулар кезінде автожолдың есептік пайдалану мерзімі және келесі орташа немесе күрделі жөндеуге қоюға дейінгі уақыт кезеңі айтарлықтай қысқаруы мүмкін. 
Осыған байланысты департамент тапсырыс берушіге ақпараттық хат жолдады, анықталған бұзушылықтар жойылады.

Айта кетейік, биыл 6,4 мың шақырым автожол жол-құрылыс жұмыстарымен қамтылған, соның ішінде 3,6 мың шақырым — жолды қайта жаңарту болса, 2,8 мың шақырымы — жөндеу жұмыстары. 

Соңғы жаңалықтар