Алматы облысында сапасыз салынған тұрғын үй тексерілетін болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында сапасыз салынған тұрғын үй кешенінде пәтерлер сатылып жатыр.

тұрғын үй құрылысы
Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Сапасы сын көтермейтін көпқабатты үйдің видеосы Telegram-каналдардың бірінде тарады. Бейнежазбадан үй қабырғаларынан үлкен жарықтарды көруге болады. 


Автордың айтуынша, бұл «СК Элитстрой» ЖШС-нің эконом санатындағы «Dostar» тұрғын үй кешені. Үйді салып бітпей пәтерлерді халыққа жаппай сатып жатыр.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған нысанға тексеру жұмыстары жүргізіледі.

«Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен Талғар ауданы әкімдігінің өкілдері бұл нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Қосымша ақпаратты кейінірек жолдайтын боламыз», - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Әкімдік атап өткендей, көпқабатты үйдің құрылысы жеке инвесторлар есебінен жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар