14:04, 22 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматы облысында Шарын өзені маңында адасып кеткен адамдар құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM - 22 наурызда Ұйғыр ауданында 7 адам демалмақ болып, Шарын өзенінің жағасына шыққан. Алайда олар адасып басқа жерге барып, қайтып өз беттерінше орала алмаған.
Төтенше жағдайлар департаменті республикалық жедел құтқару жасағының 20 қызметкері 5 техникамен шығып, адамдарды эвакуациялады және олардың көліктерін де шығарды.
«Құтқарылған адамдар медициналық көмек қажет етпеді», - делінген хабарламада.