Алматы облысында сырғыма түсіп, екі үйге зақым келді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының Талғар ауданында сырғыма түсті. Жағдаймен танысу үшін оқиға орнына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков барды.

Сход грунта произошел на частные дома в Алматинской области
Фото: ДЧС

Алматы облыстық Төтөнше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 наурыз күні сағат 00:20-да Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы «Бурабай» коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты топырақ батпақтанып, салдарынан тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына сырғыма түсті.

сырғыма
Фото: Талғар ауданы әкімдігі

«Түскен топырақ үйдің терезесін сындырып, зақым келтірді. Сырғыманың болжамды көлемі 500 текше метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады», - деп хабарлады департаменттен.

сырғыма
Фото: ТЖД

Оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.