Алматы облысында «Сонар-2024» халықаралық құсбегілер турнирі өтті

құсбегі, бүркіт, сонар
Фото: Алматы облысы әкімдігі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының Райымбек ауданында құсбегілердің «Сонар-2024» халықаралық турнирі өтті. Бүркітшілер жарысына елдің әр аймағынан 80-нен астам құсбегі қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты — қазақ халқының бай мұрасы болып табылатын құсбегілік өнерін дәріптеу және шетелдік қатысушылар арасында тәжірибе алмасу болды.

бишілер
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Турнирге Қазақстанның 13 облысынан келген 80-нен астам құсбегі және 67 бүркіт, 16 қаршыға, 14 ителгі қатысты. Сонымен қатар, Моңғолия, Қытай және Қырғызстаннан келген шетелдік құсбегілер де өз өнерлерін көрсетті.

құсбегілер
Фото: Алматы облысы әкімдігі

 

Жалпы қатысушылар саны 100-ден асты.Олардың арасында әлемдік және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары мен тәжірибелі құсбегілер де болды.

тазы ит, құсбегілер
Фото: Алматы облысы әкімдігі

«Бұл жарыс — қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасқан дәстүрін, ұлттық мәдениетіміздің бір бөлшегі болып табылатын құсбегілікті дәріптейтін маңызды шара. Құсбегілік — тек спорт емес, бұл біздің ата-бабаларымыздан қалған ұлы мұра, табиғатпен, аңшылық өнермен байланысымызды көрсететін ерекше өнер», — деді Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов әкім.

Турнирде тек қырандарды салып қана қоймады. Ұшқыр тазыларды да жүгіртті.

тазы ит, құсбегілер
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді. Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңге.

құсбегілер
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Осыған дейін Алматыда қазақ тазысының және өзге де ит тұқымдарының қатысуымен «Көшпенділер даласы» атты көрме ұйымдастырылған еді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram