07:50, 18 Маусым 2024 | GMT +5
Алматы облысында стенд атудан Азия кубогы өтеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – 20-30 қыркүйек аралығында Алматы облысында стенд атудан Азия кубогы өтеді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирге құрлықтағы 40 мемлекеттен 500-ден аса спортшы қатысады.
Азия кубогы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында өтеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетелік, бәсекеге ақтышқтар арасындағы элиталы спортшылар қатысады деп күтілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Әсем Орынбайдың стенд атудан Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болғанын жазған едік.