Алматы облысында судың тасуы тоқтатылды — ҚазАвтоЖол
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы Ұзынағаш ауылында су тасқыны болды.

Бұған дейін 08:25 шамасында Ұзынағаш ауылында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылып, салдарынан 30 тұрғын үйдің ауласы су астында қалғанын жазғанбыз.
«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, сағат 13:30–да судың тасуы тоқтатылып, қозғалыс толық қалпына келтірілген. Жолдың бұзылу қаупі жоқ.
— Су тасқынының ені 100 метр, биіктігі 5 см болды. Суды бұру үшін жедел түрде арық жүйесі жасалып, ағын өзенге бағытталды. Жол қызметі жол жиегін нығайту және жолды тазарту жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шараға 10 адам және 5 техника жұмылдырылды, — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Еске салайық, бұған дейін су тасқынының салдарын жою үшін 10 000-ға жуық әскери қызметші жұмылдырылуы мүмкін екенін жазғанбыз.